Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттық бағдарламасының аясында«Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» тақырыбындағы жобасы аясында «Қазақтың тарихи орындары мен ескерткіштері» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізеді.

Жиын мақсаты – қоғам зиялыларының қатысуымен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау шараларын ұйымдастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:  

«Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.

…Бұл — тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.»  дей келе, «Бұл жұмыста шығармашылық зиялы қауым, оның ішінде Жазушылар одағы мен Ғылым академиясы, университеттер мен қоғамдық ұйымдар үлкен рөл атқаруға тиіс. Біз заманауи мәдениетіміздің қандай өкіл­дері әлемдік аренаға жол тартуы керектігін анық­тап алуымыз керек. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін ірік­теп алғаннан кейін шетелдерде оларды таныс­тыру рәсімдерін өткіземіз.   2017 жыл жер жүзіне мәдениет саласындағы қай жетістіктерімізді көрсете алатынымызды ай­қындап алу тұрғысынан шешуші жыл болмақ» деді.  

Бұл жиын Жоба аясында өтетін тақырыптық танымдық іс-шаралар қатарындағы — қазақтың тарихи орындары мен ескерткіштері тақырыбына арналмақ.

Ұсыныс, пікір білдірем деушілер, жиында сөйлеймін деушілер болса хабарласуына болады.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алтынсарин көшесі, 37.Қазақстан Жазушылары кітапханасы.

Өтетін уақыты: 2017 жылғы 25 тамыз күні, сағат 15.00-де.

Хабарласу: 87273036806, 87073240176. 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>