ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ел жүрегі – Астана» атты үздік вайн байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – Астана қаласының соңғы 20 жылдағы жетістігін вайнерлер арқылы көрсету. Байқауға Алматы қаласының кез келген тұрғыны қатыса алады.

ТАЛАПТАР:

* Вайн мазмұны белгіленген тақырыпқа сəйкес болуы тиіс.

* Вайнның ұзақтығы 60 секунд.

* Бір қатысушы ұсынатын вайндардың саны 5-тен аспауы қажет.

* Вайнның техникалық сапасы жоғары деңгейде болуы керек.

* Қатысушы вайнды 2018 жылдың 1-шілдесіне дейін Facebook, VK, Instagram әлеуметік желілерінде ашылған «Ел жүрегі – Астана» атты парақшаларға орналастыруы керек. Астына #Астана20жаста хэштегін міндетті түрде жазуды ұмытпаңыз.

* Сондай-ақ материалдар электронды түрде ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдануы тиіс. Материалдар мемлекеттік жəне орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 1-шілдесі. Ұсынылатын материалдарға қатысушы туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ұсынылған материалдар тізімі қоса беріледі.

ЖҮЛДЕ:

* Бірінші орын – ноутбук.

* Екінші орын – планшет.

* Үшінші орын – смартфон.

Жеңімпаздар әлеуметтік желіде арнайы дауыс беру арқылы анықталады.

Біздің мекенжай.

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143/93, каб. 413,

тел. 3 94 42 91, 8747 271 08 95,

эл. пошта: degdarstudy@gmail.com

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>