2018 жылдың 12 қарашасында Алматы қаласында ҚР азамттық қоғамын дамыту тұжырымдамасын жетілдірудегі негізгі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында XI Азаматтық Форумы өткізілді. Азаматтық Форумда 400 жуық қатысушы Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамыту мәселелері және жетістіктері жөніндегі сұрақтарды белсенді түрде талқылады.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев азаматтық қоғамды дамыту үшін міндетті түрде интеллектуалдық ресурстарды тарту, қоғамдық және саяси қайраткерлердің қатысуын кеңейту, ҮЕҰ белсенді жұмысы қажет және соның нәтижесінде өзін-өзі қамтамасыз ететін және прогрессивті үшінші секторды дамытуға болатындығын жеткізді. Алматы еліміздегі ең үлкен мегаполис ретінде еліміздегі барлық ҮЕҰ 20% көбінің жұмысына қолдау білдіріп отыратындықтан, белсенді азаматтық сектордың жағдайын дамытуда барлық қажетті әлеуетке ие. Алматы қаласының негізгі даму бағыттары 2020 жылға дейінгі «Белсенді Мегаполис» бағдарламасында белгіленген. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму министрлігінің Азаматтық мәселелер жөніндегі комитетінің төрайымы Алия Галимова өз сөзінде Қоғамдық Кеңес жұмысының маңыздылығына тоқталып, Әлеуметтік даму министрлігінің 2018-2020жж.арналған жол картасында көрсетілген еріктілерді дамытудың перспективалық ерекшеліктерін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның азаматтық белсендiлiгiнiң әртүрлi нысандарын дамыту мүмкiндiгiнің негізгі үрдістері туралы баяндама жасады. ҚР Парламент Депутаты Серік Сейдуманов, мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы Қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту мақсатындағы Ұлт жоспарының бесінші бағыты бойынша түсіндірме жүргізіп, бұл институттың мүмкіндіктері мен маңыздылығы туралы атап өтті.ҚР Азаматтық Альянсының Президенті Асылбек Қожахметов, үшінші сектор жұмысына бөлінген қаражат бойынша статистикалық деректерге тоқталып өтіп, Алматы қаласында аталған бағытта қаржыландыруды ұлғайту маңызды деп санайтындығын жеткізді.Алматы қаласы ЮНЕСКО кеңсесінің директоры және ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілі Кристы Пиккаттың баяндамасында тұрақты даму үшін азаматтық қоғамның рөлі туралы айтылды. Шетелдік спикер 2015 жылғы бекітілген күн тәртібіне сәйкес: «Бұл ауқымды және жан-жақты күн тәртібінде осал топтардың жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлуде және олардың даму деңгейін арттыруда «Біреуді артта қалдырмаңыз» деген міндеттеме бар» деп жазылғанын тілге тиек етті.Спикер Евгений Жовтистің баяндамасында Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамдық ұйымдары туралы қолданыстағы заңнамасының негізгі мәселелері талданды.Ары қарай Азаматтық Форумды төмендегідей бес бағыттағы секцияға бөліп жалғастырды: Алматы қаласының орнықты дамуын институционалдық реформалау, Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруда мемлекеттік және ҮЕҰ өзара әрекеттесуі, Жастар бастамаларына арналған перспективалық форматтар, Қоғамдық қатысудың институционалдық нысандары мен механизмдері, Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің құқықтық аспектілері. Белсенді пікірталастар мен дебаттар негізінде Форумның қорытындысы жасалып, Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасына негізгі ұсыныстар берілді. Аталған ұсыныстар Қазақстанның Азаматтық Форумында ұсынылатын болады.Іс-шара барысында әлеуметтік жобалар байқауының 7 жеңімпазы марапатталды: «Алматы қаласының экологиялық даму қоры» ҚҚ, «Reliance» ҚҚ, «Еріктілер лигасы» ҚҚ, «Аутизмі және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Жарық сәулесі» ҚҚ, «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының диабет туралы Білім беру қоры» ҚҚ, «Психоаналитикалық қауымдастық» ҚБ.Сонымен қатар, Мемлекет басшысының қатысуымен 27-28 қарашада елордада өтетін Қазақстан Республикасының Азаматтық форумына Алматы қаласының атынан қатысатын 30 делегаттың сайлануы форум қатысушыларының негізгі жауапты қадамдарының бірі болды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>