Қоғамдық кеңес мүшелеріБАСПАСӨЗ-РЕЛІЗІ

Алматы қаласының «Ақпараттық-ресурстар орталығы» Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Әлеуметтік даму министрлігі Азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қоғамдық кеңестер: олардың тиімділігін арттырудағы жаңару әдістері» оқу-әдістемелік семинарын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты Республика аумағында Қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігін арыттыру болып табылады, аталған жоба шеңберінде Қостанай, Шымкент қалаларында семинарлар өткізілді.

2018 жылдың 22-23 қарашасында Алматы қаласында Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы облысы, сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларының Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен қорытынды семинар өткізіледі.

Аталған семинардың мақсаты Қоғамдық кеңестер мүшелерінің біліктілігін арыттыру мен практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталып, Қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Семинарда келесі тақырыптар талқыланады:

  • Әлемдегі қоғамдық кеңестер: ұйымның және қызметтің кейбір ерекшеліктері;
  • Қоғамдық кеңестердің қызметін құқықтық реттеу. Қоғамдағы жанжалдардың жағдайын шешудегі қоғамдық кеңестердің рөлі;
  • Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі мысалында аймақтардағы Қоғамдық кеңестердің жұмыс істеуінің жағымды тәжірибесі;
  • Қоғамдық кеңестердің азаматтық қоғаммен, ҮЕҰ және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесі тәжірибесі;
  • Әлеуметтік мәні бар мәселелерді шешуге жұртшылықты тарту үшін тиімді байланыс орнату;
  • Қоғамдық кеңестің қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарын тарту тәсілдері және олардың өзара әрекеттестігі;
  • Қоғамдық кеңес жұмысында ашық дереккөздерден статистикалық деректерді қолдану мүмкіндігі;
  • Қоғамдық кеңестің тиімді қызметін талдау: жетістік көрсеткіштері;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық процесіне қатысу;
  • Нормативтік-құқықтық актілердің және т.б. жобалардың қоғамдық сараптама жүргізу тәртібі.

 

Өткізілетін уақыты:  22-23 қараша 2018 жыл.

Өткізілетін орыны: Алматы қаласы, Қабанбай батыр к-сі №85,  «Алматы» қонақ үйі, Конференц зал.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс құралдарына хабарласуға болады: info-rc@inbox.ru, 8(727) 3 410 411, +7 777 262 97 83.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>